30.08.2026, 18:09
Жаңалықтар
Түркістан облысында тұрғын үй өртенді
Өрт сөндірушілер 24 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада ауыздықтады
Фото: ТЖМ
Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Ақдала елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалын үйдің шатыр жабындысының аралығынан тұтанған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері 24 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада ауыздықтады.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында тілсіз жаудың баспананың өзге бөлмелері мен көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды