Дубайда қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денелері елге жеткізілді: СІМ мәлімдеме жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелері елге қайтарылды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

28 тамызда Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Отанға қайтаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында БАӘ-нің құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірлік прокуратурасымен және тиісті құзырлы мекемелермен тұрақты байланыста жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілуде.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан азаматшалардың отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.