Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)

Алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды

Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар тұрғыны кәсіпорыннан 25 млн теңге ұрлап әкетіп, оның 24 млн теңгесін ауласындағы алма ағашының түбіне жасырып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.

Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңгені тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі ыдыстың ішіне жасырылған.

«Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді», – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.