Қазақстанда депозит сыйақысына 5 пайыз салық ене ме: министрлік ресми мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тараған
Әлеуметтік желіде Қазақстанда банктік депозиттер бойынша сыйақыға 5% салық енгізілетіні туралы ақпарат тараған болатын. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, депозиттен түсетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды», – делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік дерегіне сүйенсек, Үкімет бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.