Алматыдан Ақтауға барып, есірткі таратпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотталып кетті

Бойжеткеннен синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді

Алматыдан Ақтауға барып, есірткі таратпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Алматыдан Ақтауға барған 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткіні жасырып кету тәсілімен таратпақ болған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, оның жанынан синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді.

Ақтау қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

«Telegram арқылы «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» сияқты жұмыс ұсынатын хабарламалар - ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауаптылыққа апаратын жол. Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз», – делінген ведомство хабарламасында.