Ормуз бұғазындағы жағдай: Пәкістан мен Иран шиеленісті реттеу жолдарын талқылады

Мунир Тегеранға сапар алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен

Ормуз бұғазындағы жағдай: Пәкістан мен Иран шиеленісті реттеу жолдарын талқылады
Фото: istockphoto.com

Пәкістан мен Иран шиеленісті бәсеңдету, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру және қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пәкістанның ішкі істер министрі Иранға сапарының қорытындысында тараптар өңірдегі қақтығыс пен жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша маңызды прогреске қол жеткізгенін айтты.

Пәкістан әскери ведомствосының мәліметінше, Құрлық әскерлері штабының бастығы Асим Мунир мен Иран басшылығының кездесуінде шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеу, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру және қақтығысты реттеу мәселелері талқыланған.

Асим Мунирмен бірге Тегеранға барған Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсен Накави келіссөздерді сындарлы әрі ашық деп бағалады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мунир Тегеранға сапар алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен.

Бұған дейін АҚШ Иранға қолдау көрсететін кез келген елге қатаң экономикалық санкциялар салынуы мүмкін екенін ескерткен. Бұған жауап ретінде Тегеран Парсы шығанағынан мұнай экспортын толық тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген.