Бүгін, 12:26
Жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: депутаттық мандаттар партиялар арасында қалай бөлінді
Құрылтай сайлауына қанша адам қатысқаны белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамыз күні өткен Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс (5,11%);
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);
- Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
- «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
- «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
- «Respublica» партиясы – 509 631 дауыс (5,56%);
- «Бәріне қарсы» – 2,51%.
ОСК қорытындысы бойынша сайлаушылары саны – 12 млн 623 мың 289. Құрылтай сайлауына бас-аяғы 9 млн 351 мың 539 адам қатысты. Осылайша дауыс бергендердің қорытынды саны – 74,08 пайыз.
Сайлау қорытындысына сәйкес мандаттар саны анықталды:
- «Әділет» партиясы – 110;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8;
- «Ауыл» партиясы – 10;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8;
- «Respublica» партиясы – 9.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)