Ақмола облысында жыл басынан бері 432 келіден астам есірткі тәркіленді

Тізімдегі заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды

Ақмола облысында жыл басынан бері 432 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақмола облысының Целиноград ауданында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 17.08.2026 ж. Полиция департаменті Целиноград ауданында синтетикалық есірткілерді өндіретін кезекті зертхананың қызметін тоқтатты.

Тінту барысында жарты киллограмнан астам дайын өнім, химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар табылды.

Тізімдегі заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жыл басынан бастап құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен күшімен облыс аумағында 432 килограммнан астам есірткі тәркіленді, синтетика дайындайтын 3 есірткі зертханасы, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды. Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасып жатыр. Прокуратура есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді», – делінген прокуратураның хабарламасында.