Үкімет 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады: енді Құрылтайға заң жобасын ұсынады

Министрлер кабинеті 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын Құрылтайға енгізеді

Үкімет 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады: енді Құрылтайға заң жобасын ұсынады
Фото: Үкімет

Қарау қорытындысы бойынша Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, сондай-ақ 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бюджет қаражатын барынша тиімді әрі уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету, қазіргі шығыстардың ұлғаюына жол бермеу, сондай-ақ шығыстарға қатаң бақылау орнату өте маңызды. Талқылауларды ескере отырып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдауды ұсынамын», - деп атап өтті премьер-министр Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне үкімет аппаратымен бірлесіп Құрылтайға заң жобасын енгізу тапсырылды.

Үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.