Қытайдан Испанияға көлікпен жолға шыққан шетелдіктер Жамбыл облысында адасып кетті

Қазақстан полициясы жолда адасқан шетелдік саяхатшыларға көмектесті

Қытайдан Испанияға көлікпен жолға шыққан шетелдіктер Жамбыл облысында адасып кетті
Фото: Жамбыл облысы ПД

Қытайдан Испанияға автокөлікпен жолға шыққан шетелдіктер Жамбыл облысында адасып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының Талас ауданында түнгі уақытта жолдан адасып, көлігінің дөңгелегі жарылған шетелдік үш саяхатшы полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Оқиға түнгі сағат 03:55 шамасында болған. Испанияға автокөлікпен сапар шегіп бара жатқан Қытай азаматтары бағыттан жаңылып, жол үстінде қиын жағдайға тап болған.

«Полиция қызметкерлері саяхатшылардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, оларға жылы шай мен ас ұсынды. Сонымен қатар эвакуатор шақыртып, ақаулы көлікті жөндеу орталығына жеткізуге көмектесті. Жөндеу орталығында көліктің жарылған дөңгелектері жаңартылып, полиция қызметкерлері шетелдіктерге әрі қарай жүретін бағытын нақтылап берді. Көрсетілген қамқорлық пен жедел көмекке ризашылығын білдірген қытайлық саяхатшылар полицияға алғыс айтып, сапарларын жалғастырды», – делінген ПД хабарламасында.