АҚШ Ирандағы жағдайға байланысты Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығуды тоқтатты

Бұл жаттығулар болашақта қайта өтуі мүмкін

АҚШ Ирандағы жағдайға байланысты Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығуды тоқтатты
Фото: istockphoto.com

АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Оңтүстік Кореямен бірлесіп өткізілетін Ssangyong теңіз десанты жаттығуын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы брифинг барысында Корея Республикасы Теңіз жаяу әскерлері корпусының өкілі Хан Сын Чжон мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Теңіз жаяу әскерлері корпусы маусым айында Оңтүстік Корея тарапына жаттығуларды өткізу кезеңінде Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты қарулы күштерді қолдануға қатысты шектеулер бар екенін ресми түрде хабарлаған.

«Биылғы жаттығулардың мерзіміне қатысты аздаған қиындықтар туындағанымен, біз АҚШ Теңіз жаяу әскерлері корпусымен жаттығуларды болашақта қайта бастау мәселесі бойынша консультацияларды жалғастырып жатырмыз», – деді Хан Сын Чжон.