Бүгін, 10:40
Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады
Сайлауда дауыс бергендер саны 74,8 пайызды құрады
Фтото: ОСК
Орталы сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сайлаушылардың нақтыланған тізімге сәйкес, 12 млн 623 мың адамды құрады. Сайлауға тізімге енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы немесе 9 млн 351 мың 539 адам қатысқан», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
- «Әділет») партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
- «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
- «Respublica» партиясы – 509 631 дауыс (5,56%);
- «Ақ жол» партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
- ЖСДП – 469 058 дауыс (5,11%);
- ҚХП – 285 395 дауыс (3,11%);
- «Байтақ» партиясы – 97 751 дауыс (0,1%);
- Барлығына қарсы – 230 446 дауыс (2,51%).
«Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауды 51 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде кандидаттардың, саяси партиялардың 7 331 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 24 889 байқаушысы, 182 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктен 26 887 байқаушысы, 7 мемлекеттің халықаралық ұйымдарынан 777 байқаушы қатысты», - дед ол.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды