Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильдегі (Эквадор) кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ел намысын қорғаған дзюдошылар аралас командалар арасындағы жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Шешуші бәсекеде ел намысын Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмажан (63 келіге дейін), Еркен Бекали (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жекелей сайыстарда он медальға қол жеткізді.

Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және Әділ Жаудинов (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атанды.

Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.