Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 24 тамызға ауа райы болжамы
Кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді
Қазақстанда 24 тамызда көптеген қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жауын-шашын негізінен елдің орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал батыста және оңтүстік пен солтүстіктің бірқатар қаласында күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.
Қызылордада күн ашық. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +18...+20°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.
Семейде көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +23...+25°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +34...+36°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.