23.08.2026, 18:13
Жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сағат 18:00-ге дейін 9 млн-нан астам қазақстандық дауыс берді
Тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ы дауыс берді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қанша қазақстандық дауыс бергенін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
- Астана қаласы бойынша – 49,87%.
- Абай облысы бойынша – 77,54%.
- Ақмола облысы бойынша – 78,95%.
- Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%.
- Алматы облысы бойынша – 70,04%.
- Атырау облысы бойынша – 69,05%.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%.
- Жамбыл облысы бойынша – 83,99%.
- Жетісу облысы бойынша – 89,69%.
- Қарағанды облысы бойынша – 74,78%.
- Қостанай облысы бойынша – 75,31%.
- Қызылорда облысы бойынша – 88,09%.
- Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%.
- Павлодар облысы бойынша – 69,99%.
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%.
- Түркістан облысы бойынша – 90,17%.
- Ұлытау облысы бойынша – 68,23%.
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%.
- Алматы қаласы бойынша – 41,06%.
- Шымкент қаласы бойынша – 71,89%.
«Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі», – делінген ОСК хабарламасында.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады