Алматыда құтқарушылар жарақат алған әйелді таудан эвакуациялады

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында 1964 жылы туған әйел аяғын қайырып алып, таудан өздігінен төмен түсе алмай қалған

Алматыда құтқарушылар жарақат алған әйелді таудан эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Алматы қаласы Медеу ауданында, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында 1964 жылы туған әйел аяғын қайырып алып, таудан өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жедел жетіп, қажетті көмек көрсетті.

Құтқарушылар зардап шеккен әйелді таудан қауіпсіз жерге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жарақат алған тұрғын кейін ары қарай ем алу үшін қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақта қауіп төнген жағдайда бірден 112 бірыңғай құтқару нөміріне хабарласу керектігін ескертеді.