Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған балалардың бірі ауыр жарақат алып, емдеу мекемесіне жеткізілді

Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
Фото: © istockphoto.com

Павлодар облысында оқыс оқиға болып, трактор екі баланың үстінен өткен. Апат орнына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының трассалық медико-құтқару пункті шұғыл түрде жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy irbistv.kz. басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған балалардың бірі ауыр жарақат алып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Жедел медициналық көмек бригадасы бір баланы Апаттар медицинасы орталығының көлігімен Павлодар облыстық балалар ауруханасына апарды. Дәрігерлер тексерісінен кейін балаға «бас миының шайқалуы» диагнозы қойылды. Баланың ата-анасы оны ауруханаға жатқызудан өз еркімен бас тартты.

Екінші балаға қатысты ата-анасы медициналық көмектен мүлдем бас тартып, баланың тексеруге мұқтаж еместігін білдірген.