23.08.2026, 14:01
Жаңалықтар
Саяси науқан жақсы өтті, ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды – президент
Президент сайлау науқанына оң баға берді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сайлау науқанына өз бағасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылтай сайлауында дауыс беруге келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос мынандай сауал қойды: «Сайлау науқанын жіті бақылаған боларсыз. Осы жолғы партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне қандай баға берер едіңіз?»
«Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын», – дейді президент.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты