Таразда монша кешені өртеніп кетті (ВИДЕО)
Өрттің тез таралуына ғимараттың ішкі әрлеуі мен құрылыс конструкцияларының ағаштан жасалуы себеп болған
Тараз қаласындағы Комратов көшесінде орналасқан бір қабатты монша кешенінде түнгі уақытта ірі өрт болды. Өртсөндірушілер келіп жеткен сәтте ғимарат ашық жалынға оранған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрттің тез таралуына ғимараттың ішкі әрлеуі мен құрылыс конструкцияларының ағаштан жасалуы себеп болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен өрт аумағы оқшауланып, жалынның іргелес қосалқы құрылыстар мен көршілес тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен эвакуацияланғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.