Алматы тауларында құтқарушылар жарақат алған туристке көмек көрсетті

1988 жылы туған азамат тау соқпағымен мотоцикл айдап бара жатып құлап, ауыр жарақат алған

Алматы тауларында құтқарушылар жарақат алған туристке көмек көрсетті
Фото: ТЖМ

Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 2860 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» шыңында оқыс оқиға болды. 1988 жылы туған азамат тау соқпағымен мотоцикл айдап бара жатып құлап, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылар тобы жедел түрде шықты. Зардап шегушімен байланыс орнатылып, оның нақты координаттары геолокация арқылы анықталды.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, жарақаттанған мотоциклшінің сол қолына арнайы таңғыш салды. Кейін ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні таудан «Алма-Арасан» экобекетіне дейін қауіпсіз түсірді.

Экобекет басында құтқарушылар зардап шеккен азаматты жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Туристке «сол қолының сынуы» диагнозы қойылып, әрі қарай емделу үшін медициналық мекемеге ауруханаға жатқызылды.

Мақалада
#Алматы #ТЖМ