04.08.2020, 04:22
Жаңалықтар
Павлодарда әкесі мен баласы суға батып кетті
Әкесінің денесі әлі табылмады
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, олар отбасымен бірге өзен жағалауына демалуға келген.
«1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Оның денесі әлі табылмады», - делінген департамент хабарламасында.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды