Қостанай облысында Құрылтай сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр – бақылаушы
Сайлаушылр өз таңдауын жасап жатыр
Бүгін Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Қостанай облысында дауыс беру учаскелерінде таңертеңнен бері жағдай тұрақты, сайлау процесі ұйымдасқан түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әділет» партиясынан бақылаушы Жанат Жұмағұлованың айтуынша, учаскеде тәртіп сақталған, сайлаушылардың белсенділігі жақсы.
«Таңертеңнен бастап жағдай тыныш, дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Учаскеде тәртіп сақталған, барлығы қалыпты. Белсенділік жақсы. Таңертеңнен бастап сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Ерекшеленіп дауыс бергендер жоқ», – деді Жанат Жұмағұлова.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға 145 депутат сайланады.