23.08.2026, 09:55
Жаңалықтар
Алматыда сайлау күні 170 «Инватакси» жолға шықты
Одан бөлек 20 кезекші автокөлік жұмыс істеп тұр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алматыда мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтардың дауыс беру учаскелеріне жетуіне «Инватакси» қызметі көмектеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл күні арнайы тасымал үшін 170 «Инватакси» көлігі мен 20 кезекші автокөлік жұмыс істейді. Қызметке алдын ала тапсырыс беру немесе тасымалдау сапасына қатысты мәселелер туындаған жағдайда азаматтар диспетчерлік қызметтерге хабарласа алады.
Ал Астанада сайлау күні тұрғындар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін ұйымдастырылды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
