Астанада халат киген ару мен оның робот серігі дауыс берді

Бойжеткен сайлаудан қалыс қалмай, таңертеңгі уақытта өз сайлау учаскесіне барды

Астанада халат киген ару мен оның робот серігі дауыс берді
Фото: Видеодан скрин

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде таңғы уақыт ерекше басталды. Үстіне халат киіп, басына ақ орамал таңып алған бойжеткен мен оның робот серігі сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерекше жұп бірден сайлау комиссиясының мүшелері мен басқа да сайлаушылардың назарын аударды. Бойжеткен сайлаудан қалыс қалмай, таңертеңгі уақытта өз сайлау учаскесіне барды.

Құжаттары тексерілгеннен кейін оған бюллетень беріліп, дауыс беру кабинасына өтті. Осылайша, ол өз таңдауын жасады. Ал осы сәттердің барлығында жанында адамға ұқсас робот болды. Ол қыз баланың таңдауына ерекше рең берді.