Елордада екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл көшелер 4-20 тамыз аралығында жабық болады

Фото: astana.gov.kz

Елордада 4-20 тамыз аралығында Ақан сері мен №189 көшеде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Осы көшелерде жүретін көлік жүргізушілері бағытын алдын-ала жоспарлап алуға тиіс. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол құрылысы жұмыстарына байланысты 4-20 тамыз аралығында Ақан сері (Орынбор) және №189 (Сейфуллин) көшелері толығымен жабылады», - деп жазылған хабарламада.