$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 23:59
Жаңалықтар

Астанада әлеуметтік осал топтағылар заңгерден тегін кеңес ала алады

Бүгінгі күнге дейін төрт өңірде 500-ге жуық адам көмек алған

Астанада әлеуметтік осал топтағылар заңгерден тегін кеңес ала алады
Фото: ашық дереккөзден

Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жандар Lawcenter арнайы қосымшасы арқылы білікті заңгерлерден тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ол үшін қосымша арқылы тіркеліп, мәртебеңізді растап, нөлдік мөлшерлемемен тапсырыс беру қажет. Кейін Pro bono заңгерлері клиентпен байланысады.

«Біз «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ және «Ұлан-ғайыр дала елі» ҚБ серіктестерімізбен бірге қазір төрт өңірде (Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстары) көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық адам көмек алды. Өтінімдер әртүрлі сауалдар бойынша түседі», – дейді «Жас заңгерлер палатасы» ҚБ төрағасы Сағидолла Баймұрат.

Бірлестік төрағасының айтуынша, қызмет алушылар заңгерлердің жұмысын бағалай алады.

Айта кету керек, бұған дейін барлық қызметтер телефон, мессенджерлер мен тегін заңгерлік көмек кабинеттері арқылы көрсетілді, алайда пандемияға байланысты белсенділік төмендегені байқалады.

Серіктес жаңалықтары