Атырауда есінен танып қалған әйелге алғаш болып полицей көмек көрсетті (ВИДЕО)
Оқиға қаладағы дүкендердің бірінде болған
Атыраудағы маркеттердің бірінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйелге алғаш болып полиция қызметкері медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкері Роман Есмұханов әйел адамның жағдайын бағалап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйелдің жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
«Қызмет барысында азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету – полицейлердің кәсіби міндетіне деген жауапкершілігінің көрінісі. Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – делінген ПД хабарламасында.