21.08.2026, 13:58
Жаңалықтар
Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 18 адамды эвакуациялады
Өрт екінші қабатта болған
Фото: Видеодан скрин
Шымкент қаласының Тұран ауданында Тәуке хан даңғылында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, баспалдақ алаңында электр қалқаншасында сымдардың қысқа тұйықталуы орын алды. Өрт екінші қабатта болған.
«Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар баспалдақ арқылы эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Үйден 18 адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, адамдарға төнген қауіптің алдын алынды. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы