Қазақстанда 20 тамызда жаңбыр, найзағай және аптап ыстық күтіледі

Кей өңірлерде нөсер мен бұршақ күтілсе, оңтүстікте ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі

Қазақстанда 20 тамызда жаңбыр, найзағай және аптап ыстық күтіледі
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 20 тамызда ауа райы құбылмалы болады. Кейбір қалаларда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген жерлерде нөсер жауын, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Ақтөбеде күн ашық. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.

Қызылордада күн ашық. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C.

Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +34...+36°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +36...+38°C.

Оралда көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Өскеменде күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.