Астанада гуманоидты роботтар «Қара жорға» билеп, жекпе-жек өнерін көрсетті
Форумның негізгі халықаралық қатысушысы – гуманоидты роботтар өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі AgiBot
Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai алаңында Қазақстан экономикасында гуманоидты робототехниканы, Embodied AI және Robotics & AI шешімдерін практикалық қолдану мәселелеріне арналған QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және Astana Hub қолдауымен QAZBOT Technologies компаниясы ұйымдастырды.
Форумның негізгі халықаралық қатысушысы – гуманоидты роботтар өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі AgiBot.
Форум мемлекеттік органдардың, технологиялық компаниялардың, Қазақстанның ірі бизнес өкілдерінің және халықаралық сарапшылар қауымдастығының басын қосты. Іс-шараның негізгі тақырыптары Robotics & AI саласындағы отандық құзыреттерді дамыту, технологияларды жергіліктендіру, инженерлік кадрларды даярлау және робототехникалық шешімдерді экономиканың түрлі секторларында қолдану мақсаттарына арналды.
Бағдарламаның көрсетілімділік бөлімінде қатысушыларға AgiBot гуманоидты роботтарының мүмкіндіктері іс жүзінде көрсетілді. Роботтар адаммен өзара әрекеттесу, қозғалыстарды үйлестіру және күрделі әрекеттерді орындау мүмкіндіктерін, соның ішінде «Қара жорға» биін және жекпе-жек өнерінің элементтерін көрсетті.
«Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты тәжірибелік нәтижелерінің бірі болды. Біз үшін жетекші технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылдың нақты жобаларға — шешімдерді жергіліктендіру, инженерлік кадрларды даярлауға және робототехниканы экономиканың негізгі салаларына енгізуге ұласуы маңызды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов.

«Біз үшін Қазақстандағы робототехниканың дамуы дайын шешімдерді импорттаумен ғана шектелмеуі аса маңызды. QAZBOT мұнда толыққанды технологиялық циклді — R&D, бағдарламалық қамтамасыз ету мен AI-модельдерін әзірлеуден бастап, жергіліктендірілген өндіріске, инженерлерді даярлауға және роботтарды нақты процестерге енгізуге дейінгі бағыттарды қалыптастырып жатыр. Біздің мақсатымыз — Қазақстанда Robotics & AI саласында өзіндік өндірістік және инженерлік базаны құру және халықаралық серіктестермен бірлесіп, бұл технологияларды қолдану деңгейіне шығару», – деді QAZBOT Technologies компаниясының бас атқарушы директоры Владислав Сафаров.
Форум қарсаңында, 18 тамызда, Астанада Қазақстандағы алғашқы QAZBOT Robotics & AI кешенінің құрылысына бастау берілді. Бұл компанияның өндірістік және зерттеу инфрақұрылымын құруға негіз болады. Кешен R&D, бағдарламалық қамтамасыз ету мен AI-модельдерін әзірлеу, робототехникалық жүйелерді тестілеу, бейімдеу және жергілікті өндіріс бағыттарын біріктіреді.
Іскерлік бағдарламаның негізгі бөлігі «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» атты пленарлық сессия болды. QAZBOT Technologies, AgiBot және халықаралық технологиялық қоғамдастық өкілдері Embodied AI мақсаттарын және роботтарды өнеркәсіпте, логистикада, қаржы секторында, денсаулық сақтау, әлеуметтік, қызмет көрсету салаларындажәне қалалық инфрақұрылымда пайдалану жағдайларын талқылады.
Бизнеспен ендіру мақсатында B2B кездесулер өтті. Оның барысында QAZBOT Technologies және AgiBot өкілдері қазақстандық компаниялармен нақты салалардың міндеттерін және бастапқы жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін талқылады.
Форум аясында технологиялар, білім беру және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы қазақстандық және шетелдік серіктестермен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойылды.
QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 заманауи робототехниканың мүмкіндіктерімен танысудан Қазақстанда оларды практикалық қолдануға бағытталған нақты жобалар, серіктестіктер мен шешімдерге көшудің басталғанын көрсетті.