Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш күнде жаңбырлы болады – ауа райы болжамы

Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады

Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш күнде жаңбырлы болады – ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арнап осындай болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 20 тамызда Қазақстанның орталығында, 21 тамызда шығысында, 22 тамызда солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30+38°C, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін көтеріледі.

«Қалған аумақта да ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Қостанай облысында ауа температурасы +20+30°C, солтүстік облыстарда +17+28°C, орталық және шығыс өңірлерде +17+30°C, ал Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30+38°C болады деп болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.