17.08.2026, 20:31
Жаңалықтар
ҚХП өкілдері Павлодар облысында компания жұмысшыларымен кездесті
Компанияда 300-ден астам адам еңбек етеді
Фото: ҚХП
Қазақстан Халық партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат Әлімбек Ағыбаев үгіт-насихат науқаны аясында Павлодар облысындағы «Аквилон» құрылыс супермаркеттері желісінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияда 300-ден астам адам еңбек етеді.
Әлімбек Ағыбаев кездесуге қатысушыларды ҚХП сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ашық диалог барысында кәсіпкерлікті қолдау, еңбек жағдайлары, жұмыс орындарын сақтау және ұжымды толғандыратын мәселелер талқыланды.
Қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, кандидатқа алдағы жұмыста ескеру үшін ұсыныстары мен аманаттарын жеткізді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды