18.08.2026, 22:24
Жаңалықтар
ҚХП Қарағандыда Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының ұжымымен кездесті
Ұжым мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді
Фото: ҚХП/Видеодан скрин
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Қарағанды облысының Қазыбек би ауданындағы «Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» КМҚК еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов және Қазақстан Халық партиясы Жастар қанатының өкілі Төлеген Алтынмұрат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуде саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту, абаттандыру және көгалдандыру, еңбек ұжымының мәселелері, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы және ауданның өзекті мәселелері талқыланды. Ұжым мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, кандидаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды