ҚХП өкілдері Қарағанды облысында маңызды мәселелерді талқылады
Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов, «Қазақстан құрылысшылар одағының» төрағасы Сергей Федоренко, сондай-ақ қолөнер шебері, көпбалалы ана Әсемгүл Кадетқызы қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік қолдау көрсету, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, еңбек ұжымының мәселелері және әлеуметтік саланың өзекті мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау және әлеуметтік мәселелерді шешу бағыттары бойынша пікір алмасты.