«Ауыл» партиясы Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді талқылады
Жиында өңірдегі халық санының тығыздығы мен экономикалық әлеуетін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері де сөз болды
Түркістанда «Ауыл» партиясының өкілдері облыстық сайлауалды штабтың жұмысымен танысып, өңірдегі сайлау науқанын ұйымдастыру барысын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында штабтың азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуі, тұрғындармен кездесулер өткізуі және жергілікті халықтан ұсыныстар жинау мәселелері қаралды.
Әңгіме кезінде Түркістан облысында адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. Өңірдегі халық санының тығыздығы мен экономикалық әлеуетін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері де сөз болды. Кездесуде тұрғындардың ұсыныстарын жинау және оларды өңірдің өзекті мәселелерін талқылау кезінде ескеру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелері қозғалды.