Мерекелік отырыста ішімдік ішкен: Астанада әйел адам көлік жүргіземін деп полицейге ұсталды (ВИДЕО)
Елордада рөлге мас күйінде отырған әйел ұсталды
Астанада мерекелік отырыста ішімдік ішкен әйел адам көлік жүргіземін деп полицейге ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Өткен демалыс күндері ғана полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 26 жүргізушіні анықтады.
Осындай фактілердің бірін Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері таңғы сағат 5:00 шамасында Қорғалжын тасжолында анықтады. Полицейлер «Chery» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Оның тізгінінде елорданың 43 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында әйел адамның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол қонақтан мерекелік отырыстан қайтып келе жатқан.
«Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен әйел адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Астана қаласының Полиция департаменті мас күйіндегі жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық және рейдтік жұмыстарды жалғастыруда. Полиция азаматтарды алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізбеуге және өзгелердің де мас күйінде рөлге отыруына жол бермеуге шақырады», – делінген ПД хабарламасында.