18.08.2026, 13:58
Жаңалықтар
Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтатты
Рейсі тоқтатылған жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынылады
Фото: Air Astana баспасөз қызметі
Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын рейстердің тоқтатылуын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазан айында аталған бағыттар бойынша рейстер кестесіне өзгеріс енгізіліп, ұшу жиілігі қысқартылады.
Рейсі тоқтатылған жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынылады:
- 2026 жылғы 20 қарашаға дейінгі рейстерге сол брондау класында билетті тегін қайта рәсімдеу;
- билетті сатып алған жерінде оның құнын толық қайтару;
- Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына билетті тегін ауыстыру. Бұл ретте тариф құнында айырмашылық болса, қосымша ақы төленеді.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты