Respublica: «Баян Сұлу» - қазақ өндірісінің маңдайалды кәсіпорындарының бірі
Партия отандық өндірушіні қолдау ел экономикасын қолдау көрсетті
1974 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зауыт бүгінде 300-ден астам өнім түрін шығарады. Саладағы үздік үштіктің қатарында. Мұнда 1700-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорын өнімдері Қазақстанның барлық өңірлеріне ғана емес, шетелге де экспортталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осындай ірі өндіріс орнына Respublica партиясының сайлауалды штабы барды.
Партияның тең төрағасы Максим Барышев жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем мәселесін көтерді. Кандидаттар Мейрамгүл Мәдәлі, Тоқтар Болысов, Лаура Вайгорова және Әдия Әлімбаева жастардың мүмкіндігі, цифрландыру және өндірісті дамыту мәселелеріне тоқталды.
Партия отандық өндірушіні қолдау ел экономикасын қолдау көрсетті. Себебі әрбір жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жаңа жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық және мыңдаған отбасының тұрақты табысы.
Кәсіпкерлер мен еңбек ұжымының ұсыныстары айтылды. Ендігі міндет сол ұсыныстарды нақты іске айналдыру.