Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Астана тұрғыны келеңсіз жағдайға тап болғанын айтып, әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бойжеткеннің сөзінше, дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда күдікті көлікті байқаған. Ол жүрісін жылдамдатқанымен, көлік жүргізушісі машинасын тастап, оның соңынан жүгірген. Ер адам қыздың артынан подъезге кіріп үлгерген. Тіпті қыз оған лифтінің есігін ашып ұстап тұрған.
Алайда лифт ішінде ер адам өзін агрессивті ұстап, қызға тиісе бастаған. Ол қыз баланың денесіне қол жүгіртіп, мазалаған. Қыз бала бұл ісін тоқтатуды талап етіп, лифтіден шығып бара жатқанында ер адам артынан теуіп жіберген.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталған. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданған.