Алматыда заңды аттап өтіп, қитұрқылыққа барған жеке сот орындаушысының былығы әшкере болды

Алматыда жеке сот орындаушысының жүйелі түрде заң бұзғаны анықталды

Алматыда заңды аттап өтіп, қитұрқылыққа барған жеке сот орындаушысының былығы әшкере болды
Фото: istockphoto.com

Алматыда жеке сот орындаушысы заңды жүйелі түрде өрескел бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, жеке сот орындаушысының қызметін тексеру барысында заңнама талаптарының өрескел және жүйелі түрде бұзылғанын анықтады.

ЖСО талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі соттың қабылдаған шараларына қарамастан, борышкердің банктік шотынан екі рет заңсыз тыйым салуды алып тастағаны анықталды.

Нәтижесінде өндіріп алушының құқықтары бұзылған, өйткені жауапкер ақша қаражатына кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болған, бұл сот актісінің нақты орындалуына қауіп төндірді.

«Тексеру нәтижелері бойынша қала прокуратурасы жеке сот орындаушысы лицензиясын қолдануына тоқтау қоя отырып, Әділет департаментіне қадағалау актісін енгізді. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен жеке сот орындаушысы өзінің кәсіби қызметімен айналысу құқығынан айырылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.