Тимур Бекмамбетов Ресейде жарты млрд рубльден астам сомаға жылжымайтын мүлік қалдырған

Ол қазір үш елде тұрып жүр

Тимур Бекмамбетов Ресейде жарты млрд рубльден астам сомаға жылжымайтын мүлік қалдырған
Фото: facebook.com/comicconastana: UGC

Ресейден кеткен режиссер Тимур Бекмамбетов пен оның отбасының меншігінде Мәскеудің қақ ортасында 3 пәтер бар екені белгілі болды. Олардың жалпы құны 500 миллион рубльден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір тұрғын үйі 1912 жылы салынған тарихи Мазинг үйінде орналасқан. 2019 жылы қайта жоспарлау салдарынан ғимарат қабырғасында жарық пайда болып, сот процесі жүрген, кейін тараптар бейбіт келісімге келген. Мүліктің нарықтық құны 230 миллион рубльге дейін бағаланады.

Мазинг үйіндегі мансард пәтерін Бекмамбетов 2021 жылдың қазан айында сатып алған. Оның құны шамамен 300 миллион рубльді құрайды.

2018 жылы сатып алынып, режиссердің жалғыз қызы Жаннаның атына рәсімделген 4 бөлмелі пәтер бар. Құны шамамен 80 миллион рубль.

Тимур Бекмамбетов қазіргі уақытта үш елде (АҚШ, Израиль және Қазақстан) өмір сүріп жатыр. Ол бұған дейін танымал «Ёлки» және басқа да фильмдерді түсірген «Bazelevs» компаниясын сатып жіберген. 2023 жылы өзінен 29 жас кіші жұбайы Наталия Фишманнан ұлды болды.