Астанада қайтарылған активтер есебінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион салынды

Астанада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылып жатыр

Астанада қайтарылған активтер есебінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион салынды
Фото: Видеодан скрин

Астанада жемқорлар ұрлаған қаржыға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион салынып бітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, Астана қаласында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Астана прокуратурасы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жобаны іске асырды.

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион – ондаған жылдар бойы ұлттық спортты дамыту орталығы ретінде қызмет еткен елорданың айтулы спорт нысандарының бірі. Кең ауқымды қайта құрудан кейін стадион заманауи және көп функциялы болды. Қазір ол халықаралық талаптарға сай. Спорттық жарыстарды, жаттығу процестерін және жаппай іс-шараларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Ведомтво дерегіне сүйенсек, елордада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылып жатыр.