+43°С ыстық, найзағай: 15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтерілсе, кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады
Қазақстанда сенбі, 15 тамызда кей өңірлерде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Ал бірқатар аймақта найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз еліміздің бірден 10 өңірінде қатты ыстық болады.
Қатты ыстық:
- +35°С-қа дейін – Ақмола облысында;
- +35...+39°С-қа дейін – Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;
- +38...+40°С-қа дейін – Жамбыл облысында;
- +40...+43°С-қа дейін – Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде.
Өте қатты ыстық:
- +41°С-қа дейін – Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте дауыл тұрады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады, ал батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:
жоғары өрт қаупі – Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде;
төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Ақмола облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде.