Қазақстан Халық партиясы Осакаровка ауданының тұрғындарымен кездесті
Партияның сайлауалды бағдарламасы тұрғындарға таныстырылды
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Осакаровка ауданының тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов, Қазақстан Халық партиясы Жастар қанатының өкілі Алтынмұрат Төлеген, сондай-ақ Осакаровка аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі Сырымбет Абдоллаев қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға таныстыру, халықтың пікірін тыңдау және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау.
Кездесу барысында партия өкілдері «Ел байлығы – халық игілігі!» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, еңбек адамының құқықтарын қорғау және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстарын таныстырды.
Жиында аудан тұрғындары әлеуметтік-экономикалық мәселелер, жұмыспен қамту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, әлеуметтік нысандардың жұмысы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.