14.08.2026, 11:32
Жаңалықтар
Шымкент тұрғыны TikTok-тағы видеолары үшін 8 тәулікке қамауға алынды
Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізді
Фото: Видеодан скрин
Жас жігіт жол ережесін бұзған сәттерін видеоға түсіріп, балағат сөздер қолданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қаласының полициясына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған аккаунт анықталған. Пайдаланушы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттері түсірілген видеоларды жариялап отырған.
«Құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Анықталған фактілер бойынша ер адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды», – делінген полиция хабарламасында.
Сот құқық бұзушыға сегіз тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді