Аптап ыстық пен жауын-шашын: Қазақстанда 14 тамызға дауылды ескерту жарияланды
Оңтүстік пен орталық өңірлерде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріліп, кей аймақтарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі
14 тамызға синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Оңтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Кейбір аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейіп, тұман болады. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Көкшетауда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі болжанады, батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.
Абай облысының оңтүстігі мен батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 35-36 градус қатты ыстық болады.
Алматы облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 37-39 градус ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 37-39 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі күтіледі.