ЖСДП Ақтөбеде би флешмобын өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Акция барысында тұрғындар партия өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарлама туралы ақпарат алды

ЖСДП Ақтөбеде би флешмобын өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының   Ақтөбе облыстық филиалы жастар қанатымен бірлесіп, қалада көше акциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шара барысында партия өкілдері би флешмобын ұйымдастырып, тұрғындармен ашық микрофон форматында кездесті. Сондай-ақ партияның «Прогресс жолындағы 20 белес» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Кездесу кезінде қала тұрғындарына бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған ақпараттық материалдар таратылды. Буклеттерде құжатпен толық танысуға мүмкіндік беретін QR-код та орналастырылған.

«Біз үшін халықпен тікелей сөйлесіп, азаматтардың пікірін тыңдау маңызды. Сондықтан дәстүрлі кездесулермен қатар, жастарға жақын осындай форматтарды да пайдаланып отырмыз. Бүгін тұрғындармен сөйлесіп, олардың сұрақтарын тыңдадық», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Аружан Әленова.

ЖСДП филиалының мәліметінше, акция барысында тұрғындар партия өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарлама туралы ақпарат алды.