Ақтөбе облысында әйел адам TikTok-та отырып, боқтағаны үшін қамауға алынды (ВИДЕО)
Сот шешімімен әйел 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Ақтөбе облысының тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфирде отырып, балағат сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен. Құқық бұзушының Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нағиева екені анықталды.
«Сот шешімімен әйел 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістікке жататынын еске салады. Жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген ПД хабарламасында.