Jibek Joly телеарнасында жеті саяси партияның дебаты аяқталды
Жеті партия, 14 спикер және «Уәде» форматы: Jibek Joly телеарнасындағы дебат қалай өтті
Jibek Joly телеарнасындағы теледебат аяқталды: партиялар сайлаушылар алдында міндеттерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Jibek Joly: командалық дебат аяқталды, онлайн дауыс беру нәтижесі жарияланды. «Әділет» партиясы онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша 60,6% дауыс жинады.
Көрермен таңдауы: ең көп дауыс жинаған партия – «Әділет».

«Әділет» партиясы Jibek Joly телеарнасындағы теледебатта көш бастады. Теледебат көрермендерінің басым бөлігі «Әділет» партиясына дауыс берді.
Теледебат сауалнамасының нәтижесі белгілі болды
Құрылтай сайлауы алдындағы партиялардың командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр.
Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермендер экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берген. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысты.
Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді.
Айта кетейік, онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға.