12.08.2026, 18:08
Жаңалықтар
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті (ВИДЕО)
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады
Фото: Видеодан скрин
Алматыда Мұстафин көшесінде автобус 1996 жылы туған әйелді қағып кетті. Салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Жазбада әйелдің алған жарақатынан көз жұмғаны айтылған.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус 1996 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды